Павлодар облысында студент қыздың өліміне қатысты тергеу басталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында студент қыздың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша қаралуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысында студент қыздың өліміне қатысты тергеу басталды

Екібастұзда осы қаладағы колледждердің бірінде оқитын қыз сегізінші қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп, қаза тапты.

«Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде орай таратылмайды», - деп атап өтті өңірлік полиция департаментінен.
ҚР ҚК 105-бабы – «Адамды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу немесе жәбірленушіні қорқыту, оған қатыгездікпен қарау немесе оның адамдық қадір-қасиетін жүйелі түрде қорлау арқылы өзін-өзі өлтіруге оқталу». Кінәлі адам үш жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе айырылуы мүмкін.
Қаза тапқан 16 жастағы қыз Екібастұз қаласының академик Қ.И. Сәтбаев атындағы инженерлік-техникалық институтында 1-курста оқыған. Колледждің ақпаратынша, ол 9-сыныптан кейін «станциялар мен қосалқы станциялардың электр жабдықтары» мамандығының күндізгі бөліміне оқуға түскен.