Павлодар облысында төрт жыл бұрын жылқы ұрлағандар ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық ІІД-нің қылмыстық полиция қызметкерлері өңір тұрғындарының жылқысын ұрлаумен айналысып жүрген екі ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Павлодар облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Ведомствоның хабарлауынша, екі азамат жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұсталған. Олардың бірі Павлодар облысының Баянауыл ауданының 42 жастағы тұрғыны болса, екіншісі Қарағанды қаласының 59 жастағы тұрғыны болып шыққан. Екеуі де бұрын мал ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

«Биылғы жылдың маусым айында Баянауыл ауданында түн жамылған екеуі шаруа қожалықтардың бірінен 15 бас жылқы айдап кеткен. Бұдан бөлек наурыз айында Баянауыл ауданындағы 11 бас жылқының, 2013 жылы Май ауданындағы 20 бас жылқының ұрлығына да екеуі қатысты болып шықты. Күдіктілер жылқыны Қарағанды облысында сатып жүрген. Өз іс-әрекеттерімен ұсталғандар ауыл тұрғындарына ірі шығын келтірген», - дейді ІІД баспасөз қызметі.

Күдіктілер қазір қамауда отыр. Тергеу барысында олардың өзге де мал ұрлығына қатысы бар-жоғы анықталатын болады.

Соңғы жаңалықтар