Павлодар облысында түрме бастығы пара алған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысында қылмыстық атқару жүйесі мекемесі бастығының міндетін атқарушы пара алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Павлодар облысында түрме бастығы пара алған

«Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті облыстағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Өзіндік қауіпсіздік қызметімен бірлесіп өңірдегі қылмыстық атқару жүйесі мекемесі бастығының міндетін атқарушы, әділет майорының пара алғанын анықтады», делінген хабарламада.

Майор сотталғандардың бірімен сөз байласып, жекеменшік компания директорынан түрмедегілермен жеке еңбек шартын жасағаны үшін 250 мың теңге пара алған.

Күдікті кінәсін мойындап, процестік келісімге келу туралы өтінім берген.

Тексеру жалғасып жатыр. Күдіктілерге қатысты соңғы үкімді сот шығарады.