Павлодар облысында жаңа суармалы егіс алқаптары қосылып жатыр
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында суармалы жерлердің көлемін ұлғайту жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы, республикадағы жер қоры суармалы алқаптың көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Алайда су тапшылығы тежегіш фактор екенін ескеру қажет. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында ауыл шаруашылығы жерлерін суарудың жалпы алаңын 2,5 млн гектарға дейін ұлғайту туралы тапсырма берілді. Бұл бағытта Экология министрлігі мен жергілікті әкімдіктермен бірлесе тиісті жоспар іске асырылып жатыр», - деді Е. Қарашөкеев.
Оның айтуынша, 2019-2022 жылдары инфрақұрылым салу, суармалы жер учаскелерін беру және ауыл шаруашылығы алқаптарын суармалы жер түрлеріне көшіру есебінен жаңадан қосылған суармалы жерлердің алаңы жоспардағы 44 мың гектардың орнына 51 мың гектарды құрады. Аталған жаңа суармалы жерлер республиканың солтүстік бөлігінде, яғни негізінен Павлодар облысында фермерлердің қаражаты есебінен енгізілген.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 1,5 млн гектар суармалы жер игеріледі.
Қазақстан аумағында жаңбырлатып суаратын машиналар шығаратын зауыттар салынады.