Павлодар облысында жаңа жоба дәрігерлерге түсетін жүктемені 32% азайтты
Өңір басшысы қаланың бірқатар медициналық мекемелері - №3 және №4 емханаларына және «Almaz Medical Group» ЖШС барды.
«Үздік тәжірибелер орталығы» жобасы - алғашқы медициналық-санитарлық көмек жұмысын қайта форматтаудың жаңа құралы.
Оның мақсаты - емханаға жүгінетін халық ағынын реттеу арқылы дәрігерлерге, учаскелік қызметтерге және тіркеу кеңсесіне түсетін жүктемені азайту.
Бүгінгі таңда жоба Павлодар, Екібастұз және Ақсудағы 8 емханада іске асырылып, оң нәтижелерге қол жеткізілді.
Осылайша, медбике бекеті мен онлайн кеңестерді енгізу учаскелік қызметтің жұмысын қайта форматтауға мүмкіндік беріп, жүктемесін 32% азайтты.
Асайын Байханов емханаларға барғаннан кейін медициналық мекемелердің басшыларымен кеңес өткізіп, әрбір ем алушыға сапалы қызмет көрсетудің басымдығын белгіледі.
Денсаулық сақтау басқармасына емханаларды одан әрі материалдық-техникалық жарақтандыру, кадрлар тапшылығын шешу, оның ішінде «аса қажет» мамандарды жұмысқа алу бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Сондай-ақ, бас дәрігерлерге шағын аудандардың тұрғындары үшін «қадамдық» қолжетімділікте орталықтар ашу мәселесін пысықтау тапсырылды.
Фото: Валерий Бугаев