08:28, 09 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Павлодар облысында жаппай егін орағы кешеуілдеуде
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Жаздық бидайдың кеш пісуінен Павлодар облысындағы астық алқаптарына орақ салу өткен жылғы қарқынға қарағанда кешеуілдеуде.
Биылғы жылғы жаздың жауын-шашынды болуы егіннің дер кезінде пісуіне кері әсерін тигізді.
Облыста 620 мың гектар егіс алқабының 120 мың гектары орылды, 75 мың гектар астық бастырылды. Астықтың гектарынан орташа түсімі 12 центнерден айналып отыр. Бұл аймақ үшін өте жақсы көрсеткіш. Бірақ әзірге алқаптарға тегіс орақ түсе қойған жоқ.
«Ертіс және Железинск аудандарының шаруашылықтары алда келеді. Жекелеген алқаптардың гектарынан 30-40 центнерден астық алынуда», дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Бауыржан Қасенов.