Павлодар облысында жеке тұрғын үй өртеніп, бір азамат қаза тапты
АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Ақсу қаласында жеке тұрғын үй өрт құшағына оранды,
деп хабарлады еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгін түнде орын алған өрт 50 шаршы метр аумақты шарпыған. «Өрт сөндірілген орыннан 45 жастағы азаматтың денесі табылды», делінген баспасөз хабарламасында.
Қызыл жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамындағы 6 маман мен 2 техника жұмылдырылды.