07:29, 03 Қазан 2013 | GMT +5
                                        Павлодар облысында жекеменшік үй отқа оранды
                                            АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Павлодарда жекеменшік үйден өрт шықты. Тілсіз жау 23:12-де тіркеліп, 23:31-де ауыздықталды.
                                        
                                        
                                     
                                              Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы мен жеке құрамының 7 адамы жұмылдырылды. Жалын 4 шаршы метр аумақты шарпыды. Күйік шалған ер адам ауруханаға жатқызылды.