Павлодар облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, апаттан төрт адам қаза тапқан, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 103 телефонына Ақтоғай – Ақжол тас жолындағы жол-көлік оқиғасы туралы куәгерлерден қоңырау түскен. Жеделдіктің бірінші санаты бойынша ТЖ орнына Ақтоғай ауылының орталық аудандық ауруханасының жедел жәрдем бригадасы және Жолболды және Ақжол ауылдарынан медицина қызметкерлері жіберілді.
«Анықталғандай, жол апатынан 1977, 1960, 1949 және 1942 жылдары туған төрт адам зардап шеккен, олардың бірі - Ақтоғай ауылының тұрғыны және үшеуі - Ақжол ауылының тұрғыны» , – деп хабарлады басқармада.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтоғай ауданындағы Ақтоғай - Шолақсор автожолының 63 шақырымында 43 жастағы ВАЗ 21041 автокөлігінің жүргізушісі трактор тіркемесімен соқтығысқан. МТЗ тракторын 47 жастағы жүргізуші басқарған.
Аталмыш фактіге қатысты тергеу басталды.