Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында жол апатынан 49 жастағы жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды

«6 желтоқсан күні сағат 18:30-да «Ленинский-Русская Поляна» автожолының 136-шақырымында Ертіс ауданы Ынтымақ ауылына жақын маңда «Ауди-80» маркалы автокөліктің 49 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Газель автокөлігімен бетпе-бет соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Ауди-80» автокөлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қыметі.

Полиция атап өткендей, автокөліктер мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылған.

Тексеру жүріп жатыр.