Павлодар облысында жол күтіміне жауапты 126 лауазымды тұлға жазаланды
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, биылғы жылдың 7 айында облыс бойынша 299 жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 20 адам қаза тапқан және 425 адам жарақат алды. Өкінішке орай, жол апаты оқиғаларында 3 бала көз жұмған.
- Жол-көлік оқиғаларының жалпы санын, өңір жолдарындағы жарақаттану мен өлім-жітім деңгейін төмендету мақсатында полиция департаменті тұрақты негізде жалпы пайдаланатын жолдарға, оның ішінде республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарға тексеру жүргізеді. Тексеру нәтижелері бойынша жолдарды күтіп ұстауға жауапты тұлғалардың атына жол-көлік оқиғаларының орын алуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы 827 ұйғарым енгізілді, - дейді департаментте.
Сонымен қатар, көрсетілген кезеңде азаматтардың өтініштері бойынша күрделі қиылыстарда 75 стробоскоп, 3 бағдаршам нысаны орнатылды, 2000-нан астам жол белгісі орнатылды және ауыстырылды, 12000 шаршы метрден астам белгі жаңартылды.
Автожол учаскелеріне өңірдің полиция қызметкерлері тұрақты түрде тексеру өткізеді.