Павлодар облысында жүк көлігі бір табын сиырды басып кетті
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - КамАЗ жүргізушісі Омбы - Майқапшағай күре жолын кесіп өтіп жатқан сиыр табынының алдынан өте шықпақ болғанда үлгере алмай, он бір малды басып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«КамАЗ автокөлігінің жүргізушісі «Мал өтетін жер» жол белгісінің аймағында сиырларды басып кеткен. Одан Қызылтаң ауылы тұрғындарының он бір ірі қарасына зақым келген», - деп мәлімдеді Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Жүргізушінің өзі жолды кесіп өтіп жатқан малды көргенін мойындады. Бірақ ол жылдамырақ жүріп, олардың алдынан өте шықпақ болған.
«Осы дерек бойынша, жүргізушіге қатысты әкімшілік материал толтырылды», - дейді ІІД өкілдері.
Анықталуынша, оқыс оқиғадан аман қалған сиырлар сойысқа жіберіледі.