Павлодар облысында жүк пойызы мен КамАЗ соқтығысып қалды

АСТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат. Бүгін таңертең, сағат 6.20-да Павлодар облысындағы Майқайың - Үшқұлын теміржол учаскесінің қорғалмайтын өтпесінде жүк пойызы мен КамАЗ автокөлігі соқтығысты. КамАЗ жүргізушісі сол жерде қайтыс болып, машинисттің көмекшісі мен әскери күзеттің екі жұмыскері жарақат алды,

Павлодар облысында жүк пойызы мен КамАЗ  соқтығысып қалды

деп хабарлады Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Апаттың салдарынан көмір тиелген 29 вагон және электровоз рельстен шығып кетті. 200 м жол, өткелдің белгі беру, орталықтандыру, байланыс және жолды жабу жабдықтары зақымданып, электр желісінің 3 бағаны құлаған.

Оқиғаны тексеруге «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ комиссиясы және «Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының мамандары жіберілді.

Апат болған орында Павлодар тасымалдау бөлімшесінің қалпына келтіру пойыздары жұмыс атқаруда.