Павлодар облысында жүкті әйел үйінде босанып қалды
103 қызметіне әйелдің мерзімінен бұрын босана бастағаны туралы қоңырау түскен.
Диспетчер медициналық алғашқы көмек туралы егжей-тегжейлі нұсқау бере отырып, «қоңырауды ұстап тұру» әдісін қолданды.
Оқиға өткен аптаның соңында болды.
Шақырту Ақсу қаласынан 14 шақырым жерде орналасқан Ақсу кентіндегі көпқабатты үйден келіп түсті.
103-ке қоңырау шалған 31 жастағы әйел жүктіліктің 28-ші аптасында мерзімінен бұрын босана бастағанын хабарлады.
Медициналық топ жолда келе жатқанда жедел жәрдем диспетчері пациентпен байланыста болды.
Ол әйелге кішкентайдың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін өзін қалай ұстау керектігі туралы нұсқау берді.
Дәрігерлер шақыртудан кейін 8 минуттан соң келді.
Алайда, үйде босану кезінде белгілі бір асқынулар пайда болды.
Сол жерге гинеколог дәрігер мамандығы бар жедел жәрдем кіші станциясының меңгерушісі шақырылды.
Әріптестерімен бірге олар нәрестені туғызып алды және барлық қажетті емшараларды орындады.
Кейін анасы да, баласы да Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді. Қазір олар мамандардың бақылауында.