Павлодар облысында жұмыртқа бағасын ұстап тұру туралы меморандумға қол қойылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында тауық жұмыртқасының бағасын ұстап тұру туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасар.
None
None

Павлодар облысының әкімдігі мен аймақтағы ірі құс фабрикаларының өкілдері бірінші санаттағы жұмыртқаларды нарық бағасынан төмен бағамен жеткізу механизмдері туралы келісімге келді.

Меморандумға Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асайын Байханов және «Павлодар құс» ЖШС мен «Шарбақты құс» ЖШС өкілдері қол қойды. Келісім бойынша алдағы екі айда құс фабрикалары аймақтық тұрақтандыру қорына тауық жұмыртқасын арзан бағамен береді. Осыған жауап ретінде өндірушілер жылдық 3%-дық жеңілдетілген несиеге қол жеткізеді.
Енді тараптар құс фабрикаларынан жеткізілетін жұмыртқа көлемі мен оны бөлшек сауда желісі арқылы сату механизмдері бойынша келісімсөз жүргізіп отыр. Аймақ басшысының орынбасары Асайын Байханов атап өткендей, басты міндет – зейнеткерлер мен әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған топтар өкілдерінің жұмыртқаны арзанырақ бағаға сатып алуын қамтамасыз ету.

Еске сала кетсек, ҚР Сауда және интеграция министрлігі жұмыртқаның неліктен қымбаттағанын түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар