11:27, 10 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Павлодар облысында жыл аяғына дейін 13 әлеуметтік нысан тапсырылатын болады
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар облысында жыл аяғына дейін 13 әлеуметтік нысан тапсырылатыны жөнінде бас мердігерлер аймақ басшысы өткізген кеңесте есеп берді.
![None None](/static/img/plug.webp)
Қазанның 20-сында Кенжекөл елді мекенінің аумағында салынып жатқан балалар ауылы мерзімінен бұрын қоныс тойын тойлайтын болады. Жаңа жыл қарсаңында Железинкада орталық ауруханасы мен емхана іске қосылатын болады. Осындай медицина мекемесі Ақсу қаласында да пайдалануға беріледі.
Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Ақсу орта мектебінің жобасына өзгерістер енгізілді. Баянауылдағы 600 орындық интернат құрылысы да аймақ басшысының бақылауында.