Павлодар облысының әкімдігі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат – Бүгін Павлодар облысының әкімдігі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Құжатқа Қазақстанның солтүстік өңірінің отандық тауар өндірушілерінің «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен өзара іс-қимылы мәселелеріне арналған аймақтық кеңес барысында Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин қол қойды. Меморандум темір жол көлігі саласындағы отандық өндірісті ынталандыруға бағытталған инновациялық технологияларды игеру және инновациялық жобаларды жүзеге асыру сияқты маңызды мәселелерде өзара ынтымақтастықты қарастырады. Атап айтқанда, онда жүзеге асырылатын жобаларға инвестициялар тартуға жәрдемдесуге баса назар аударылған. Бұл орайда Екібастұздағы қазақстандық жүк вагондарын шығаратын зауыт құрылысы бірінші кезекте тұр.
Соңғы жаңалықтар