Павлодар облысының әкімі Ақсудың басшысын инвестициялық жобаның болмағандығы үшін сынға алды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі инвестициялық жобаларды тартудың жүйесіздігі үшін Ақсудың басшысын айыптады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Бүгін қала және аудан әкімдерінің 2017 жылғы даму жоспарларын таныстыру барысында Павлодар облысы әкімінің алдында Ертіс ауданы мен Ақсу қаласының әкімі дамыту жоспарларымен бөлісті.
Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсембинов өз жобасын таныстыру барысында қала экономикасына моноқала үшін маңызды инвестиция тарту стратегиясын айта алмады, делінген Павлодар облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.
«Қала үшін басымдықты инвестициялық жобаларды тартуға бағытталған жүйелі жұмыс жасалмай жатыр», - деп атап өтті Болат Бақауов.
«Бөлінген бюджеттік қаржының қайда жұмсалатыны туралы есеп беру емес, Ақсуды одан әрі дамытуға арналған дұрыс және нақты көрініс керек», - деп атап өтті өңір басшысы Ақсу әкімінің есебін тыңдап болған соң.