Павлодар облысының әкімі интернет-конференция өткізді
Бұлар - «Жол картасы» бағдарламасы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, медицина, тұрғын-үй және әлеуметтік нысандар құрылысы.
Атап айтқанда, аймақ басшысы облыстың егіс алқаптарының түсімі жақсы болатынын, астықтың жетіспеушілігі жөнінде алаңдауға еш себептің жоқтығын хабарлады. 620-650 мың тонна дән жиналады деп күтілуде, ал облыс бойынша астыққа деген қажеттілік 112 мың тонна. Үкімет астықтың 1 тоннасын 165 доллардан «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ арқылы сатып алуды жоспарлауда.
Б.Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жол картасы» бағдарламасының келесі жылы да іске асырылатынын хабарлады. Аумақтарды абаттандыруға, автомобиль жолдарын, мектептерді, ауруханаларды, мәдениет және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы нысандарын жөндеуге негізгі басымдық берілетін болады.
Биылғы жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша білім беру саласының 256 нысаны жөндеуден өткізілді. 2010 жылы 61 оқу мекемесін, оның ішінде 48 мектепті қалпына келтіру жоспарлануда. Бұл ретте әрқайсысына 22 млн. теңгеден астам қаражат бөлінбекші.
Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың алынған сұрақтарға қайтарған толық жауабы ҚР электронды үкіметінің порталында - www.e.gov.kz орналастырылған.