Павлодар облысының әкімі мешітте жайылған дастарханға бес жүз адамды ауызашарға шақырды

ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Шариғат бойынша қасиетті Рамазан айында әрбір мұсылман ауыз бекітіп, ораза ұстайды, жамағатқа ауызашар береді.
None
None

Осындай ауызашар Павлодардың орталық мешітінде өтті.

Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев Мәшһүр Жүсіп атындағы мешітке дастархан жайып, бес жүз адамды ауызашарға шақырды. Ауызашарға келгендердің ішінде Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлері, қаланың құрметті азаматтары және жұртшылық өкілдері болды.

Соңғы жаңалықтар