Павлодар облысының әкімі өнім жию науқанын мониторингілеуді ұйымдастыруды тапсырды (ФОТО)

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Шарбақты ауданында жұмыс сапарымен болып қайтты. Аймақ басшысы «Победа» ЖШС-ның егіс алқаптарын аралады, Шарбақты ауданы әкімінің аудандық мәслихат депутаттары алдында берген есебіне қатысты және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлады.

Павлодар облысының әкімі өнім жию науқанын мониторингілеуді ұйымдастыруды тапсырды (ФОТО)

Аймақтың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселесі жөнінде өткен кеңесте бірінші кезекте алдағы өнім жию науқаны талқыланды. Болат Бақауов өсірілген өнімді уақтылы және шығынсыз жиып алып, қамбаға жеткізуді тапсырды. Аймақ басшысы сондай-ақ облыстық ауылшаруашылығы басқармасына, қала және аудан әкімдеріне барлық күш-қуат пен құралды күзгі дала жұмыстарын уақтылы да сапалы өткізуге жұмылдыруды, астық өсіруші аудандарда штабтар құрып, егін ору жұмыстарының барысын мониторингілеу бойынша кезекшілік ұйымдастыруды тапсырды. Дизельдік отынның ақысы уақтылы төленіп, отын әкетілуі тиіс және т.б.

«Алғашқы жартыжылдық қорытындысы бойынша өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының физикалық көлем индексі бойынша параметрлерге қол жеткен жоқ. Үстіміздегі жылдың 9 айындағы қорытынды бойынша бұл көрсеткіштерді жақсартуымыз керек. Ауданда бұл көрсеткіштерді арттыру үшін барлық алғышарттары мен қорлары бар. Сондай-а, сіздер барлық қаражаттың толық көлемде игерілуін қамтамасыз етулеріңіз керек», - деп атап өтті Болат Бақауов.

Сондай-ақ, Шарбақты ауданының балабақшаларында орын жеткіліксіз. Бұл мәселені шешу үшін аудан әкіміне бар ғимаратты балабақша етіп жаңартып, бұл жобаны іске асыруға аудандық бюджеттен 10 пайыздық ортақ қаржыландыру  табуды жүктеді. Ал қалған қаражатты аймақ басшысы облыстық бюджеттен бөлетінін айтты.

null null null