Павлодар облысының әкімі соғыс ардагерлеріне Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған мерекелік медальдарды табыс етті
ПАВЛОДАР. Сәуірдің 25-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін 15 соғыс ардагеріне «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерейтойлық медальдарын тапсырды.
Құрметті қонақтарды жылы шырайлы қарсы алған ол Жеңіс күніне даярлық туралы айтып берді. «Батырлар саяжолында тағы сегіз жерлестеріміз Алтын Жұлдыз иегерлерінің ескерткіштері орнатылады, екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы павлодарлықтарға арналған жаңа кітаптар шығарылады, соның ішінде электрондық нұсқасы да бар - жастар компьютерлік ақпаратты артық тұтады», - дейді облыс әкімі.
Соғыс ардагерлері Қабдеш Нұркин, Бекболат Хазыров пен Михаил Гапон аймақ басшысына өздеріне көрсетілген құрмет пен сыйластық үшін алғыс айтты.