Павлодар облысының әкімі су қоймасынан су босатуға әзірленуді тапсырды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда Ертіс маңындағы барлық елді мекендерді су басуына байланысты тәулік бойы кезекшілік енгізу қажет. Бұл туралы өңір басшысы Болат Бақауов айтты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

  Павлодар облысының әкімі су қоймасынан су босатуға әзірленуді тапсырды

Әкім Баянауыл ауданын аралап, су басуы  мүмкін бірнеше ауылды, су басқан жолдарды барып көрді.

Жаңажол ауылдық округінде құм себілген жолдар бүлінген. Б. Бақауов тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруды тапсырды. Көкдомбақ ауылы маңында ұсақ тас төселген бірнеше жолды су шайып кетті. Абырой болғанда, елді мекенге айналма жол бар.

 «Бірінші толқын өтті, алайда біз  су қоймасынан су ағызуға әзір болуымыз қажет, - деді Қараащы ауылы мектебінде өткен жиында облыс әкімі. - Барлық елді мекендерге тәулік бойы кезекшілік енгізу қажет. Ауданда арнайы техника, қажетті күштер бар. Осы су тасқыны кезеңінде біз бірде-бір елді мекенді су басуға  жол бермеуге жұмыс істеуіміз қажет».