Павлодар облысының әкімі Торайғыр көлін тазартуды ұсынды

«Жасыбай көліндегі заңсыз бизнеске тосқауыл қойып, тәртіпті күшейту керек. Ластанған Торайғыр көлін тазарту жұмыстарын да бастаған жөн», - деді Б. Бақауов.
Айта кетерлігі, соңғы жылдары Торайғыр көлі 10-12 метрге тартылып, су лайлана бастаған. Өз кезегінде Ұлттық табиғи саябақ өкілдері Торайғыр көлін тазартудың жолдарын ұсынды.
«- Көлді биологиялық жолмен тазартуға болады, мәселен балықтарды көптеп жіберу арқылы. Қыста қар аз жауып, көктемде су аз құйылды, ол аздай бұлақ бастаулары бітелуде, сондықтан да көл ластануда», - деді саябақ өкілдері. Тазарту жұмыстары барысында арнайы қондырғылар пайдаланады.
Облыс әкімі туризмды ұлттық дәстүрлемізді сақтап, әрі дәріптей отырып дамыту керектігін, қонақтарға қымыз сусындарын ұсынып, ат мінгізуді ұсынды.