Павлодар облысының ауруханалары мен емханалары жас дәрігерлерді күтуде

ПАВЛОДАР.   Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Вера  Ливинцова/ -  Семей  мемлекеттік   медициналық университетінің  Павлодардағы филиалы  осымен бесінші рет  жас мамандарды білім ұясынан ұшырып отыр, 

Павлодар облысының ауруханалары мен емханалары  жас дәрігерлерді күтуде

 деп   хабарлайды  ҚазАқпарат    тілшісі.

112  түлек   дәрігер  дипломдарын  алды,  олардың 49-ы -  хирургияға маманданса,    қалғандары - терапевтер  мен   гинеколог-акушерлер.     Филиал директоры  Сағит Иманғазинов  сөйлеген  сөзінде  биылғы   бітіру  кеші    оқу  орнының  мерейтойлық    шарасы екенін   атап  көрсетті.

Жас мамандар филиалда жақсы  білім  мен  білікті  тәжірибе алды -  олар  Павлодардың  жетекші  дәрігерлермен   қатар  жұмыс істеп,     олардан  көп нәрсені  үйренді.  Науқастарды емдеудің  жаңа технологиялары  мен       аймақ  ауруханалары соңғы жылдары   қарқынды   жабдықталып   отырған заманауи импорттық технологияларды  игерді.

Биылғы       түлектердің  бірде-бірі   жұмыссыз қалмайды.  Облыстың  емханаларында  білікті  мамандар жетіспейді, оған қоса жаңа    медициналық  мекемелер    ашылуда.  Президенттік бағдарлама  бойынша  Ақсуда аурухана салынуда,   Павлодардың  жаңа ықшамауданында   да  үлкен  емхана бой көтеруде.   Дәрігер  - Павлодар өңірінде  үлкен сұранысқа   ие кәсіп.