Павлодар облысының этномәдени бірлестіктеріне гранттар табысталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов аймақтың этномәдени бірлестіктеріне гранттарды табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақ әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
None
None

Тәуелсіздік күні қарсаңында Болат Бақауов қоғам белсенділерімен «Достық үйінде» өткен «дөңгелек үстелде» кездесті.

Этно-мәдени бірлестіктерге барлығы 28 грант берілді. Сонымен қатар аймақ басшысы арнайы марапаттарды да табыстады. «Нұр-ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің Екібастұз қалалық филиалының төрайымы Рымкеш Сламбекова Қазақстан халқы Ассамблеясының медалімен, неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы - ҚХА-ның «Жомарт ана» төсбелгісімен, ал Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сейсембай Жетпісбаев Ассамблеяның «Бірлік» медалімен марапатталды.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында сөйлеген сөзінде ел Президенті дамыған мемлекеттердің жаңғыртылуы біртұтас бірегейлік негізінде жүзеге асырылатынын ерекше айтып өтті. Біз де осыған келдік. Сол себепті аймақта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Нұрсұлтан Назарбаевтың жуырда шыққан «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының жүзеге асырылуына ерекше көңіл бөлінеді», - деді Болат Бақауов.  null 

Суретті түсірген - Валерий Бугаев

Соңғы жаңалықтар