Павлодар облысының қаңтар-ақпандағы ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 242 млн долларға жетті
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат –2020 жылғы қаңтар-ақпандағы Павлодар облысының ЕАЭО мүше мемлекеттермен өзара саудасы 242 миллион АҚШ долларын құрады. Облыстан 145,2 миллион АҚШ долларына тең тауар шығарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz өңірлік статистика департаментіне сілтеме жасап.
Ал 2020 жылғы осы уақыт аралығында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 54,3 миллиард теңгені немесе 2019 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 115,1 пайызға артқан. Құрылыс жұмыстарының көлемі 14,5 миллиард теңгеге жетті.
Жалпы алаңы 48 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Департаменттің хабарлауынша, 2020 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 503,2 млрд теңгені құрады. Аталған кезеңде ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнім көлемі 26,6 млрд теңге болды.
Сонымен қатар, 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыстың бизнес құрылымындағы шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 44868 немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 99,2% құрады. 2020 жылдың 1 қаңтарына ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 134,5 мың адам немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,7% болды.
Айта кетейік, 2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі өндірілген жалпы өңірлік өнімнің көлемі 1858,9 млрд теңгеген жеткен.