Павлодар облысының мемлекеттік архиві басшысы парамен ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Павлодар облысының мемлекеттік архиві» мекемесі басшысының міндетін атқарушы парамен ұсталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, шенеунік осыдан екі күн бұрын ұсталды. Ол мемлекеттік архив ғимаратына жүргізілген жөндеу бойынша кейбір кемшіліктерді жасырғаны үшін 500 000 теңгені талап еткен. Осы ақшаның 10 процентін- 50 000 теңгені алған кезде оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросының қызметкерлері қолға түсірді.

«Кінәсін толық мойындауына байланысты күдікті қамауға алған жоқ. Тергеу шаралары жалғасуда», - дейді агенттіктің ресми өкілі Жанна Бастарова.

Соңғы жаңалықтар