08:55, 14 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Павлодар облысының орманшылықтарында болған өртте зардап шеккен әйел көз жұмды - ТЖМ
АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат - Осыдан бір жеті бұрын Павлодар облысының орманшылығында болған өртте зардап шеккен әйел кеше, қыркүйектің 13-і күні көз жұмды. Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім етті.

Еске салайық, қыркүйектің өткен 8-і күні 11 сағат 25 минутта«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесіне қарасты Көкжал, Первомайский және Майқарағай орманшылықтарында орман өрттері болып, жалынмен 2000 га аумақ жойылған Көкжал орманшылығында 6 адам қаза тапқан болатын. 56 жастағы тағы бір азаматша аураханаға жеткізілді.
ҚР ТЖМ-нан хабарлағандай, азаматша қыркүйектің 13-і күні 16 сағат 40 минутта ауруханада көз жұмды.