Павлодар облысының шағын және орта бизнес кәсіпорындары 204,5 миллиард теңгенің өнімдерін өндірді

ПАВЛОДАР. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының шағын және орта бизнес кәсіпорындары өткен жылы 204,5 миллиард теңгенің өнімдерін өндірді,

Павлодар   облысының  шағын және   орта бизнес кәсіпорындары  204,5 миллиард теңгенің өнімдерін  өндірді

деп хабарлады статистика департаментінің баспасөз қызметінен.

Оның ішінде заңды тұлғалар - 165,8 миллиард теңгенің тауарларын өндіріп, қызметтерін көрсетсе, жеке кәсіпкерлер - 21,5 миллиард теңгенің, шаруа қожалықтары 17,5 миллиард теңгенің өнімдерін өндірді, қызметтерін көрсетті.

Бұл, 2009 жылмен салыстырғанда, 0,1 пайызға жоғары. Республикалық жалпы көрсеткіштің аясындағы облыстың үлес салмағы 3 пайызды шамалап отыр.

Өткен жыл ішінде, 2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, нарықта жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 0,2 пайызға артып, 24,4 мыңды құраған. Оның: 2,8 мыңы - заңды тұлғалар, 18,9 мыңы - жеке кәсіпкерлер, 2,9 мыңы - шаруа қожалықтары. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 0,1 пайызға өсіп, 115,5 мың адамға жеткен.