Павлодар облысының тұрғындары су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесуде
ПАВЛОДАР. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында кәсіпкерлер мен жұмысшылар, қызметкерлер мен зейнеткерлер,
оқытушылар мен студенттер облыс басшысы Бақытжан Сағынтаевтың Алматы облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу туралы үндеуін қолдап отыр.
Атап айтқанда, «Павлодарлифт» серіктестігінің жұмысшылары қызылағаштықтар үшін жарты миллион теңге жинады. Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушылары да біркүндік жалақыларын - 1,3 миллион теңге аударып отыр. Ал студенттер баспаларынан айрылған ауыл тұрғындары үшін жылы киімдер мен азық-түліктер жинап жатыр.
Бұл игі істен кәсіпкерлер де тыс қалған жоқ, олар су тасқынынан зардап шеккен ауылдың тұрғындарына көмекке қомақты қаржы аударды. «Бір-бірімізге көмектесу - әрқашан біздің халқымызға тән қасиет. Қызылағаштардың қайғыларынан ортақтасып көңіл айтамыз және оларға шамамыз келгенше қолдау көрсеткіміз келеді», - дейді «Атамекен» одағы» Ұлттық экономикалық палатасының Павлодар филиалының басшысы Петр Вырвинский.
Ал Инновациялық Еуразиялық университетінде наурыздың 22-сі күні студенттердің өнер ұжымы қызылағаштықтарға қаржы жинау үшін марафон-концерт өткізеді, деп хабарлады оқу орнының прокуроры Владимир Шнайдер.