Павлодар облысының ұстаздары «Назарбаев зияткерлік мектебінің» тәсілімен жұмыс істейді
Өңірдегі кейбір мектептер қазірдің өзінде НЗМ тәжрибесімен жұмыс істеуде. Олар Павлодар қалалық №8 мектеп-лицейі, «Жас Дарын» мамандандырылған мектебі, сонымен қатар Баянауыл, Май аудандарының мектептері.
«Бұл тәжірибе әр мектеп пен әр мұғалімнің мақтанышына айналуы керек. Біздің мақсатымыз НЗМ тәжірибесін өңірдегі барлық мектепке енгізу. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын қысқартуымыз керек»,-деді облыс әкімі.
«НЗМ» ДББҰ Күләш Шамшидинова өзінің сөйлеген сөзінде бүгінде ақпараттың тым көптігін айтты. Бұрын ақпарат өңделіп берілсе, қазыр балалар оған өңделмеген күйінде қол жеткізе алады. Оның айтуынша, ақпаратты қабылдаған бала оған өз бетінше баға беріп, сыни көзқараспен ойға салып таразылай білуі керек. Және оны жұртқа ұсына алуы керек.
Меморандумға сәйкес тараптар, ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттырып инновациялық білім беру саласында бірлесе қызмет атқармақ.