Павлодар өңірінде аққулар жаппай жылы жаққа ұша бастады

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Павлодар облысының Аққу көлінде сұңқылдақ аққулардың үлкен тобы байқалды. Құстар күзгі қоныс аударуға дайындалып жатыр.

в
Фото: Аждар Жүсіпов

Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жүсіпов Аққу көлінен түсірілген фотосуреттерді Kazinform ақпараттық агенттігімен бөлісті.

в
Фото: Аждар Жүсіпов

- Мұнда Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сұңқылдақ аққулар жүзіп жүр. Олар оңтүстікке ұшуға дайындалып жатқан сияқты. Керемет көрініс, көлде аққулар өте көп. Табиғатты аялайық, – дейді мекеме басшысы.

в
Фото: Аждар Жүсіпов

Оның айтуынша, аққулардың күзгі қоныс аударуы әдетте қыркүйек айында басталып, қазан-қарашада жалғасады. Құстар су айдындарының жағдайына, ауа райына және қорек қорының жеткіліктілігіне қарай жылы жаққа бет алады.

ы
Фото: Аждар Жүсіпов

Күзгі көш кезінде аққулар Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлеріне, сондай-ақ Орталық Азияның жылы аймақтарына қарай ұшуы мүмкін. Жол бойында өзен-көлдерге аялдап, тынығады және қоректенеді.

в
Фото: Аждар Жүсіпов

Мамандар Павлодар облысында жабайы құстарды бақылау кезінде олардың саны, орналасқан жері мен жағдайы назарға алынатынын айтады. Егер жарақаттанған немесе әлсіреген құстар анықталса, оларға көмек көрсетіледі.

в
Фото: Аждар Жүсіпов

Еске сала кетейік, былтыр Павлодарда ауыл тұрғыны аязда қалып қойған қос аққуды құтқарып қалған еді.

в
Фото: Аждар Жүсіпов

Ал биыл көктемде мұз құрсауынан құтқарылған әлгі аққулар айдынына қайта оралды.

в
Фото: Аждар Жүсіпов
в
Фото: Аждар Жүсіпов
ф
Фото: Аждар Жүсіпов
ф
Фото: Аждар Жүсіпов
в
Фото: Аждар Жүсіпов