Павлодар-Семей тасжолында көлік жүргізушісі шөп тиелген тіркемеге соғылды

 көлік апаты
Фото: Павлодар облыстық Полиция департаменті

Павлодар облысында Lada Granta көлігінің жүргізушісі белгіленген жылдамдықты асырып, жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысты. Тіркемеге шөп тиелген еді. Жеңіл көліктің жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды Каzinform агенттігінің тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 16 қарашада Павлодар-Семей тасжолының 20-шы шақырымында, Павлодар ауданы, Жертұмсық ауылының маңында болған.

Lada Granta көлігінің жүргізушісі жылдамдықты асырып, ЗИЛ-130В көлігінің тіркемесімен соқтығысқан. Апат салдарынан Lada Granta көлігінің бір жолаушысы алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Екінші жолаушы және жүргізуші ауруханаға жатқызылды, олардың екеуі де жарақат алған. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тиісті сарапталар белгіленді. Көліктер айып тұрағына қойылды.

Соңғы жаңалықтар