Павлодар тұрғындары VIP нөмір сатып алуға 400 млн теңгедей жұмсаған

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Былтыр өңірде 59,9 мың автокөлік онлайн режимде қайта тіркеуден өткен. Азаматтар «айна» және біркелкі цифрларды жиі таңдайды. 

Павлодар тұрғындары VIP нөмірлер сатып алуға 400 млн теңгедей жұмсаған
Фото: polisia.kz

Ертіс-Баян өңірінің азаматтары өткен жылы VIP нөмірлерін сатып алуға жалпы сомасы 324 миллион теңге жұмсаған. 

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Асылбек Сапарбекұлы хабарлады. 

— Облыстағы автокөлік иелері 2024 жылы «әдемі» нөмірлер сатып алуға 394 млн 664 мың теңге жұмсаған. Көлік иелері өздерінің көлік құралдарын eGov.kz порталы арқылы немесе екінші деңгейлі банктердің қосымшасы арқылы қайта тіркей алады. Былтыр 59,9 мың автокөлік онлайн режимде қайта тіркеуден өткен, - деді Асылбек Сапарбекұлы.

Аталған мезгілде жергілікті халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар 1,1 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен. Азаматтар көбіне электрондық цифрлық қолтаңба, жеке куәліктер мен төлқұжат, жүргізуші куәлігін алуға жүгінеді. 

Еске сала кетейік, былтыр Өзбекстанда ең қымбат көлік нөмірі 74 мың долларға сатылған. 

Соңғы жаңалықтар