Павлодар тұрғындары өз еріктерімен 6 млн теңгеге жуық сомаға қару тапсырды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының тұрғындары өз еріктерімен 6 млн теңгеге жуық сомаға қару тапсырды. Барлық қару баллистикалық зерттеуге жiберiлдi, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы 8 шілдедегі жағдай бойынша қаруды өз еркімен тапсыру туралы ниет білдірген тұрғындардан 70 өтініш түскен, тіркелмеген 75 қару қабылданды.

Тұрғындар 57 тегіс ұңғылы қару, 16 ойық ұңғылы қару және ойық ұңғылы қаруға 8 287 патрон тапсырған.

«Павлодар қаласының тұрғыны өз еркімен 16-калибрлі «ИЖ-К» маркалы бір ұңғылы мылтық, Павлодар ауданының тұрғыны марқұм әкесінен қалған 1 тегіс ұңғылы, «ИЖ-18», 16-калибрлі аңшылық мылтық әкелді. Төлемнің болжалды сомасы – 64 323 теңге. Бүгінгі таңда шамамен 5 млн 876 мың 389 теңге сомаға қару тапсырылды, – деп атап өтті аймақтағы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Борис Әлімбаев.

Өңір полицейлері тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еріктерімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.


Фото: russiaedu.ru
Соңғы жаңалықтар