Павлодар тұрғыны 16-қабаттағы балконнан секіріп, мерт болды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар тұрғыны 16-қабаттағы үйдің балконынан секіріп, қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар тұрғыны 16-қабаттағы балконнан секіріп, мерт болды

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Н. Назарбаев даңғылындағы 52-үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды. Ол 16-қабатта орналасқан тұрғындардың ортақ балконынан секіріп, өз-өзіне қол салған.

«Тексеріс жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Ер адамның тұлғасы анықталуда», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодарда полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсау фактісінің алдын алған еді. Мас ер адам бес қабатты үйдің терезесінен секірмек болған.