Павлодар тұрғыны Назарбаевтың отбасымен бірге түскен ескі суретін тауып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысы дін істері басқармасының басшысы Дәулет Закарьянов әлеуметтік желіге 70-жылдары түсірілген Н.Назарбаевтың отбасылық фотосуретін жариялады, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
Закарьяновтың айтуынша, ол Мемлекет басшысының фотосуретін досының үйінен кездейсоқ көріп қалған.
«Фотосурет менің досым Арман Алиннің альбомынан алынды. Бұл 70-жылдардың соңында Баянауылда түсірілген. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің отбасымен Арманның ата-анасының үйіне бірнеше күнге қонаққа келген. Арманның әкесі Ысқақ Нұрғалиұлы Алин (Фотода Н.Назарбаевтың қасында отыр) Жаңатілек орта мектебінің директоры болған. Ол Ұлы Отан ардагері және тамаша педагог болған. Назарбаевпен бірге қонаққа Социалистік Еңбек Ері, академик, Баянауыл тумасы Әбілқас Сағынов та келген», - деп хабарлады Дәулет Закарьянов.