Павлодар жолдары мен өткелдеріндегі апатты «дыбысты жолақтар» төмендетеді

ПАВЛОДАР. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат - Павлодар жолдарында 140 «дыбысты жолақтар» орналастырылды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Павлодар жолдары мен өткелдеріндегі апатты «дыбысты жолақтар» төмендетеді

«Дыбысты жолақтар екі құрамдас мықты әрі төзімді пластиктен жасалады. Оның асфальт төсенішінің астындағы биіктігі шамамен 5 миллиметрді, ені 15 см-ді құрайды. Жүргізуші мұндай жолмен өткенде «дірілді» сезініп, жолда қырағылық танытуына мүмкіндік береді», - деді «Автожолсигнал» ЖШС-нің директоры Владимир Демиденко.

Бірінші кезекте дыбысты жолақтар адам көп жүретін өткелдерде орналастырылды. Түнгі уақытта арнайы құрам тас жолдарда аталмыш жолақтарды орналастыруда. Айта кетейік, бұл жолақтар жанып тұрады.