Павлодар жолдарындағы ақаулардың ішінде жол жабындысының жұқа болуы жиі кездеседі
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Жол активтері ұлттық сапа орталығының өңірдегі филиалы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардағы 200-ден астам нысанға 866 рет бақылау жұмыстарын жүргізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Орталықтың мәліметінше, былтырғы жұмыс нәтижесінде 1 405 жол-құрылыс материалдарынан сынама алынып, оның 162-сі нормативтік талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталған. Сондай-ақ жол ақауларына байланысты 100-ден астам ескерту берілген.
Сапа орталығының қызметкерлері республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарда 612 ақауды анықтады.
«Ең көп таралған ақаулар: жол жабындысының қалыңдығы, судың қанығу көрсеткіштері, асфальтбетон қоспасы мен инертті материалдардың беріктік сипаттамалары мен астық құрамының сәйкес келмеуі. Жолдардағы осы және басқа да кемшіліктерден шөгу, шұңқыр және жарықтар пайда болады, сонымен қатар бүкіл жол төсемінің бұзылуына әкеледі», - деді орталықтан.
Айта кетейік, есепті кезеңде филиал қызметкерлері техникалық қадағалау жұмысына тиісті шаралар қабылдау үшін облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасына 2 хат жолдаған.