Павлодар жылу беру маусымына дайын
ПАВЛОДАР. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Павлодарда жылу беру маусымына дайындық жұмыстары аяқталуға таяу, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
Облыс орталығындағы тұрғын үйлердің 80 пайызынан астамы қысқа әзірлік туралы құжаттарды рәсімдеді.
Орталық жылытуды іске қосу күнін ауа райы анықтайды. Егер орташа температура үш тәулік ішінде +8 белгісінен көтерілмесе, жылу желілері іске қосылады.
Жылыту маусымының басталуы туралы актіге қала әкімі қол қояды, деп атап өтті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкері Алмаз Мусинов.