Павлодарда 10 қабатты тұрғын үйде балкондардың және терезелердің жақтаулары өртенді, бір адам зардап шекті

АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында 10 қабатты тұрғын үйде балкондардың және терезелердің жақтаулары өртеніп, тұрғындар қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Павлодарда 10 қабатты тұрғын үйде балкондардың және терезелердің жақтаулары өртенді, бір адам зардап шекті

10 маусым күні Павлодар қаласында Амангелді көшесі 19/1 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің 8, 9 және 10-ыншы қабаттарында балкондардың және терезелердің жақтаулары отқа оранды.

Жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыды. 12 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Өрттің салдарынан 33 жастағы ер адам ысты газға уланып, ауруханаға жеткізілді.

Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Павлодар облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 17 маманы мен 6 техникасы жұмылдырылды.