Павлодарда 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - 2009 жылғы жасөспірім үй жануарларын суаруға арналған жасанды су қоймасына шомылған. Құтқарушылар марқұмның мүрдесін алып шықты.

Павлодарда каналға шомылуға барған жасөспірім суға батып кетті
Фото: Павлодар облысы ТЖД

Облыс орталығында қайғылы жағдай болды. Үй жануарларын суаруға арналған және шомылуға болмайтын жасанды қазаншұңқырда 2009 жылы туған бозбала суға батып кеткен.

- Хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары дереу жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қаза тапқан жасөспірімнің мүрдесін тауып, судан шығарды, - деп хабарлады өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінен.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Құтқарушылар жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылу өмірге үлкен қауіп төндіретінін ескертті. Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударып, оларды су бойында қараусыз қалдырмау қажет. Сондай-ақ су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы үнемі ескертіп отырған абзал.

Еске сала кетейік, шомылу маусымы басталғалы бері 10 адам суға кетті.