Павлодарда 19 жастағы жүргізуші өз құрдасын қағып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда 19 жастағы жүргізуші жолда жүру ережесін бұзған құрдасын қағып кетті.  

Павлодарда 19 жастағы жүргізуші өз құрдасын қағып кетті

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Subaru көлігін тізгіндеген азамат С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің маңында жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Салдарынан Ломов көшесінің бойында жолдың тыйым салынған бөлігін кесіп өтпек болған 19 жастағы жігіт әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Қазіргі таңда тиісті сараптама тағайындалды. Аталмыш фактіге қатысты жуық арада шешім қабылданатын болады, - делінген хабарламада.