Павлодарда 2 бала үшінші қабаттан құлап кетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда 2 және 4 жастағы балалар үшінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодарда 2 бала үшінші қабаттан құлап кетті

Бұл туралы Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы мәлімдеді.Екі бала да облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

Оқыс оқиға туралы қоңырау Қалқаман кентінен сағат 12:48-де түскен. Жедел жәрдем бригадасы 6 минутта жетті.