Павлодарда 2 оқушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда екі оқушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жасөспірімдердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодарда 2 оқушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, зардап шеккендер 2008 және 2009 жылы туған жасөспірімдер жедел жәрдеммен облыстық балалар аурухнасына бүгін сағат 16:55-те жеткізілді.

«Балалардың бірінде оң қолдың саусақтары, екіншісінде мойын, зигоматикалық және оксипитальды аймақтарының жарақаты мен білегі кесілген», - делінген хабарламада.

Оқушыларды ауруханаға жатқызуға ешқандай себеп болмаған. Дәрігерлердің қарауынан кейін олар үйлеріне жіберілді.