Павлодарда 20-дан астам саяжай учаскесі өртенді

Мамандар келтірілген залалды, сондай-ақ жұмыс істемейтін саяжай иелерін анықтауда. Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінде өрттің шығуына тұрғындардың отты абайсыз пайдалануы себеп болғанын айтады. - Изобильная, 2 көшесіндегі қолданыстағы саяжай учаскесінде 20 метр бойы ағаш қоршау жанып кетті. Сондай-ақ Майская, Заводская Песочная, Урожайная, Широкая, Солнечная көшелерінде де бірнеше ағаш қоршауларын жалын шарпыған.
Ведомство мәліметтеріне сәйкес, Солнечная көшесі, 1 бойынша саяжай учаскесінде үй және Широкая көшесі, 1 бойынша монша, сондай-ақ Заводская, 10, 12, 14, 16 көшелері бойында да алты үйдің ағаш конструкциялары жанып кеткен. Бұл - 60 шаршы метр, сондай-ақ Осенняя көшесі, 48, 50 бойында 30 шаршы метрді жалмаған өрт тіркелді.
Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Ренат Валишановтың айтуынша, тілсіз жауды сөндіруге «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің 9 өрт сөндіру техникасы мен «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның екі техникасы жұмылдырылды. Отпен күресу үшін Павлодар әкімдігімен қосымша күштер мен құралдар тартылды.