Павлодарда 20 көпқабатты үй жылусыз қалды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда болған ірі апаттан жиырмадан астам үй жылусыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

Павлодарда 20 көпқабатты үй жылусыз қалды

«Жылу жүйелері жарылды», - деп хабарлады қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Зікірия Сұлтанғазинов. - Шамамен 20 үй жылусыз қалды. Әзірге жарылған жерді іздестіріп жатыр. «Павлодар жылу жүйелері» ЖШС техникасы жұмыс істеуде. Барлық мәселені тезірек реттеуге тырысамыз».

Тұрғындардың айтуынша, зардап шеккен үйлердің батареясы суып үлгерді. «Павлодар жылу жүйелері» ЖШС апаттың нақты себебін әлі анықтаған жоқ. Оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, қала орталығында экскаватор, КамАЗ, автокран және апаттық бригаданың өзге де техникалары - барлығы 9 арнайы техника жұмылдырылған.

«Диаметрі 400 мм болатын құбыр желісі жарылған. Әзірге 20 көпқабатты тұрғын үй жылудан ажыратылды», - деп хабарлады «Павлодарэнерго» АҚ баспасөз хатшысы Олеся Емельянова - Қазір жер қазу мен жарылған тұсты анықтау жұмыстары жүріп жатыр».