Павлодарда 20 метрлік биіктен құлаған электр дәнекерлеушінің өліміне кінәлі анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар мұнай-химия зауытында орын алған оқыс жағдайға тергеу жасаған комиссия жұмыс берушіні кінәлі деп тапты.
Тергеу жұмыстарының нәтижесі туралы мемлекеттік еңбек инспекторы Абылай Сабыров айтып берді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .
Еске сала кетсек, ресейлік «Владимиртепломонтаж» АҚ-ның 33 жастағы электр дәнекерлеушісі Раиль Шаяхметов жұмыс кезінде 20 метр биіктен құлап, көз жұмған. - Тергеу жасаған комиссия ер азаматтың өліміне жұмыс беруші жауапты деген шешімге келді. Өйткені «Владимиртепломонтаж» АҚ жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті толық ұйымдастырмаған. Қаза тапқан адамның артында нәрестесі қалды. Іс құқыққорғау органдарына жіберілді, - деді Абылай Сабыров.