Павлодарда «2009-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспары» таныстырылды
ПАВЛОДАР. Қазанның 17-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Жұма күні Павлодарда 2009-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспары» таныстырылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесуді ашқан облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев өз сөзінде, аймақта азаматтардың конституциялық құқықтары табысты жүзеге асырылып жатқанын атап көрсетті. Саяси партиялардың филиалдары жұмыс істейді, 400-ден астам үкіметтік емес ұйымдар құрылған, 169 діни бірлестік тағы бар. Мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында жастарға құқықтық білім беріледі. «Адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспары» елімізде азаматтық қоғамды қалыптастыруға қолдау болады»,- деп атап көрсетті әкім.
ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы, Мәжіліс депутаты Сағынбек Тұрсынов, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Хаолянь Шу, Адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшысы Тастемір Әбішев және Жоғарғы сот судьясы Мәрзия Балтабай қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен мемлекеттік құрылымдардың басшыларын аталмыш құжатпен таныстырып өтті.